6 декабря 2023 г. 15:07

«Қазақтелеком» жыл басынан бері 100 мың қазақстандық отбасына интернет қосып берді

A view of the sea
Фото:

«Қазақтелеком» қазақстандықтарды GPON технологиясы бойынша заманауи цифрлық қызмет пен сервистерге қосатын ауқымды жобаны жүзеге асырып жатыр. Биыл жыл басынан бері тек Астананың өзінде 25 мыңға жуық отбасы «Қазақтелекомның» оптикалық желісі арқылы Интернетке қосылды. Ал Степногорск қаласында компания 2 мыңнан астам абонентті «мыс» желісінен «оптикаға» ауыстырды.

Айта кетейік, қазір клиенттердің қажеттіліктері күннен-күнге артып келеді. «Қазақтелеком» соларды қанағаттандырып, елдегі цифрлық инфрақұрылымды дамытуға үлес қосып жүр. Сондықтан да, технологиялық инновацияларға инвестиция салып жатыр. Мәселен, талшықты-оптикалық желіні төсеу жобасы аясында кең жолақты интернетке елорда маңындағы Пригородный кентінде екі бес қабатты үй мен Степногорск қаласында екі көпқабатты үй қосылды.

 «Қазақтелеком» қазір бүкіл республикада өз желілік инфрақұрылымын дамытып, жаңғыртуға бағытталған бірнеше ірі жобаны қатар жүргізіп жатыр. Яғни жаңа оптикалық желіні салып, сымды интернет жүргізе алмайтын жерлерде баламалы технология, оның ішінде «радиокөпір», LTE, FWA станцияларын орнатамыз. Клиенттерімізді ескірген мыс желісінен оптикаға, атап айтқанда GPON технологиясына көшіруге келетін болсақ, ол қосылыстың ерекше тұрақтылығы мен жоғары өткізу қабілеттілігін қамтамасыз ететін телекоммуникация саласындағы технологиялық өзек ретінде әрекет етеді. Талшықты-оптикалық желі клиентке бірден бірнеше қызметті бір кабель арқылы қосуға мүмкіндік береді. Ал осы технология арқылы әлеуметтік желіге мәліметті лезде жүктеуге және тіпті кәсіби деңгейде онлайн-геймингпен шұғылдана аласыз. Телекоммуникация желісін кеңейту мақсатында біз техникалық жетілдіруді қамтамасыз етеміз. Сонымен қатар клиенттерге қосылу үшін ең жақсы тарифтерді ұсынамыз. Бұдан басқа, қазақстандықтардың ADSL технологиясынан неғұрлым заманауи және тиімді GPON байланысына көшу процесін іске асырамыз. Бұл интернет байланысының жылдамдығы мен тұрақтылығын арттырып қана қоймай, абоненттерімізге телекоммуникацияның озық мүмкіндіктеріне кеңірек қол жеткізуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.

Пригородный кентіндегі Сарытоғай көшесінің тұрғындары үйді пайдалануға берген сәттен бастап үш жыл бойы кең жолақты Интернетке қол жеткізе алмай келген. 2020 жылы интернетті қосуға уәде берген жергілікті компания өз міндеттемелерінен бас тартып, жұмысты жарты жолда қалдырыпты. Құрылыс - инсталляциялық жұмыстарды «Қазақтелеком» аяқтап, қысқа мерзімде жүз отбасын интернетке қосты. Динагүл Сексенбаева – Пригородный кенті үйлерінің бірінде жоғары жылдамдықты интернет өткізген алғашқы тұрғындардың бірі. Ол құрылыс компаниясында қашықтан жұмыс істейді. Әрі жұмыс бабымен үнемі жоғары жылдамдықты интернет қажет етеді.

«Қыркүйек айында қала әкімі үйлерді аралап шықты. Көршілермен қосылып осы мүмкіндікті пайдаланып, үйімізге жақсы интернет желісін өткізу туралы өтініш білдірдік. Осылайша «Қазақтелеком» біздің үйлерге талшықты-оптикалық байланыс жүргізді. Телекоммуникаторға қосылмас бұрын мен айына бірнеше рет балансты толтыруды қажет ететін сымсыз Wi-Fi маршрутизаторын қолдандым. Тұрақты тарифтің болмауына байланысты көп қаражат кететін. Бірақ «Қазақтелеком» желісіне қосылғалы бері жақсы ұсыныс алдым. Маған екі SIM картасын, телевизия және жақсы интернетті қамтитын «Bereket» тарифі ұнады. Бұл өте ыңғайлы. Келесі жылы балам бірінші сыныпқа барады. Сондықтан мен қызыма онымен үнемі байланыста болу үшін SIM-карталардың бірін беремін. Ал интернет бізге оқу және жұмыс істеу үшін қажет болады», – дейді Динагул.

Сонымен қатар, Степногорск қаласында үйлерді GPON технологиясы бойынша жоғары жылдамдықты Интернетке қосып жатыр. Оптикалық байланыс желісіне 7 шағын аудандағы екі тұрғын үй қосылған. Тұрғындар интернетке 500 Мбит/сек жылдамдықпен, бейнебақылау қызметтеріне және сандық теледидарға қол жеткізді. Үй тұрғыны Алина Аюпова алғашқылардың бірі болып «Қазақтелекомның» жаңа қызметтеріне көшіп, «мыстан» кейін «оптиканың» барлық артықшылықтарын бағалап үлгерді. Білім беру орталығының жетекшісі ретінде Алина үйден көп жұмыс істеп, білім беру материалын дайындауға және үлкен көлемдегі деректерді жүктеуге мәжбүр. Сондықтан интернетке қосылудың жақсы сапасы үйде де, кеңседе де жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

«Мен әрқашан «Қазақтелеком» интернетін пайдаланып келгенмін. Енді бұдан да шапшаң интернетке қосылу мүмкіндігі болатынын естігенде, қатты қуандым. ALTEL ұялы байланыс операторының нөмірлері бар тарифті таңдадым. Оны үнемі толтыру қажет емес. Бұл өте ыңғайлы. Өйткені сіз бұл операцияға қосымша уақыт жұмсамайсыз. Сонымен қатар, мен қызмет көрсету сапасына, қызметкерлердің жоғары деңгейіне, клиентке мұқият қарағанына өте риза болдым. Қазір интернеттің жоғары жылдамдығын толық сезінемін. Талшықты-оптикалық қосылымды орнатқаннан кейін байланыс шынымен «ұшып тұр» деп нық сеніммен айта аламын. Байланыстың сенімділігі мен сапасын бағалайтындар үшін тамаша таңдау», деді Алина Аюпова.

Айта кетейік, «Қазақтелекомның» GPON кең жолақты интернетіне қосылу цифрлық қызметтердің барлық спектріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жылдамдығы 500 Мбит/с дейінгі интернет, 150-ден астам телеарна және Full-HD кескін айқындығы бар телевизия, TV+ сервисі мен IP-телефония. Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша кең жолақты Интернетке 100 мыңға жуық абонент қосылған. Жыл соңына дейін компания тағы 10 мың қазақстандықты «оптикаға» көшіруді жоспарлап отыр.

Тегтер: