25 сентября 2022 г. 15:15

"Қазақтелеком" бірқатар қазақстандық БАҚ-қа шетелден шабуыл жасалғанын растады

Фото:

"Қазақтелеком" бірқатар қазақстандық БАҚ-қа шетелден шабуыл жасалғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы, NEGE Компания мәліметінше, шабуыл 24 қыркүйекте тіркелген.

"Қазір біз сайттарды қалпына келтіру бойынша техникалық жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Бұл кейбір сыртқы интернет-ресурстарға кіру жылдамдығының ішінара төмендеуіне әкелуі мүмкін. Жұмысты жақын арада аяқтау жоспарланып отыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген "Қазақтелеком" АҚ байланыс бөлімі таратқан хабарламада.

Тегтер: