«Қазақтелеком» абоненттер көзімен: Үй телефонынан «TV+»-ке дейін
17 мамыр – Байланыс және ақпараттандыру саласы қызметкерлерінің күні қарсаңында «Қазақтелеком» Солтүстік ӨТД филиалы қызметкерлері облыс орталығында тұратын бұрыннан келе жатқан тұрақты абонент, 73 жастағы Райхан Рахметқызынан құттықтау алды.
Себебі, бұл мекеме Райхан апаның көз алдында құрылып, еліміздегі белді әрі беделді оператор-телекомға айналды. 1990 жылдары Райхан Рахметқызының отбасы Ұзынкөл ауылында тұрған кезде шаңырағы жан-жақтағы туыстарына хабарласу үшін келетін көрші-қолаңнан үзілмеген екен. Тіпті, жедел жәрдем шақыру керек болса да Райхан апаның үйіне жүгіретін бәрі. Ол кезде Ұзынкөл ауылы үшін телефон жалғыз ақпарат көзі болатын.
«Балам әскери борышын Семей қаласында өтеуге аттанды. Ауа райы қолайсыз болды ма, ауырған соң оны емдеу үшін ауылға жіберді. Денсаулығын түзеп, жазылған соң, әскери бөлімге телефон шалып, азаматтық борышын қайта жалғастыруға баратынын айттық. Ал бізге олар әскери бөлімнің тарап жатқанын ескертті. Сол кезде шүкіршілік айттық. Егер телефон болмаса, балам Семейге әуре болып, барып қайтар еді», – дейді Райхан Рахметқызы.
1994 жылы аймақта жүйені цифрландыру ісі басталды. Алғашқы цифрлық АТС Лисаковскі қаласында жүзеге асты. Қостанайда 20 мың нөмір, Қашарда 5 мың нөмір сыйымдылығы бар цирфлық станция пайдалануға берілді. Сол уақытта ешкім 30 жылдан кейін Солтүстік ӨТД Қостанай облысының 39 елдімекенінде талшықты-оптикалық байланыс желісі құрылысы аяқталып, ауылдарда кеңжолақты интернетке қолжетімділік болатынын ойлаған жоқ.
Бүгінде «Қазақтелеком» өзінің абонеттері үшін заманауи байланыс қызметін ұсынуда. Біз бұрын басқа қаладағы туыстарымызбен сөйлесу үшін арнайы пунктке барсақ, қазір әркімнің қолында мобилді құрылғы бар.
«Балаларым үйдегі телефонды алып тастауды сұраса да, оны өшіріп тастауға қарсылығымды айттым. Себебі, бұрыннан келе жатқан байланыс құралы ең тиімді әрі сенімді», – деп жалғады пікірін Райхан Рахметқызы.
Солтүстік ӨТД-ның келесі абоненті – 27 жастағы Әзиза Қанатхан. Ол «Қазақтелеком» АҚ-мен түйдей құрдас. Әзиза балалық шағында алғаш интернет желісі пайда болғанда ата-анасының телефонның сымын компьютердің жүйелік блогына жалғағанын есіне алады. Әзизаның балалық шағы өткен Арқалық қаласының бүгінгі тұрғындары үшін жоғары жылдамдықтағы мобилді интернет пен интерактивті телеарна қызмет көрсетеді.
«Біздің баламыз ата-апасының үйіне барғысы келмеді. «Неге бармайсың?» десек, «ол үйде интернет жоқ, менің сүйікті телеарналарым көрсетпейді» дейді ренжіп. Ал қалада ID TV және ID Net қызметі пайда болып еді, ата-анам да дереу қостырып алды. Енді «Қазақтелеком» АҚ ұсынған сапалы байланыс қызметінің арқасында туған-туыспен күн сайын хабарласып тұратын болдық. Балалар да ата-апасының үйіне қуана-қуана барғысы келіп тұрады», – дейді Әзиза Қанатхан.
Бүгінде аймақтың, тіпті мемлекетіміздің шалғайда жатқан ауылдағы абоненттері биыл іске қосылған TV+ телевизиялық тұғырнамасына қосылып жатыр. Солтүстік ӨТД В2С сегменті коммерциялық директоры Әлия Ескендірованың айтуынша, аймақта жұмыс істегеніне екі ай болған TV+-ке шамамен 5 мың абонент қосылыпты. Қазір бұл көрсеткіш күн сайын артып жатыр.