«Қазақтелеком» қызметкерлері Бағдат Мусиннен айлықты көтеруді сұрайды

«Қазақтелеком» АҚ компаниясының  қызметкерлері компания басшылығына және басқарма төрағасы Бағдат Мусинге видеоүндеу жолдап, жалақыларын қайта қарауды талап етті.

видеодан скрин

Астана, NEGE. Жергілікті Lada.kz басылымының хабарлауынша, мамандар өз жалақыларының қазіргі экономикалық жағдайға сәйкес келмейтініне шағымданған. 

«Қазіргідей жоғары инфляция мен қымбатшылық кезінде қарапайым жұмысшыларға өз отбасын қамтамасыз ету қиын. Біздің жалақымыз қымбаттаған азық-түлікті сатып алу мен коммуналдық қызмет ақысын төлеуге жеткіліксіз», – делінген үндеуде.

Сонымен қатар, қызметкерлер компанияның жоғарғы басшылары 10 айлық жалақы көлемінде біржолғы төлем алып, ал қарапайым мамандарға тек 20 мың теңге ғана төленгеніне наразы.

«Бұл – ашық әділетсіздік және біздің еңбегімізге деген қарым-қатынасты көрсетеді», – деді жиналғандар.  

Қызметкерлер компания басшылығынан қалыптасқан жағдайға назар аударып, негізгі техникалық және өндірістік жұмыстарды атқаратын мамандардың жалақысын көтеру мүмкіндігін қарастыруды сұрап отыр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр