Қазақтан шыққан тұңғыш сумо чемпионы

22 жасар қазақ жігіті Ерсін Балтағұл сумо күресінен жастар арасында Жапония чемпионы атанды. Бұл жөнінде «Қазақстан Барысы» жобасының негізін қалаушы, белгілі журналист Арман Шораев өзінің Instagram парақшасында жазды.

Алматы, NEGE. Осыдан 4 жыл бұрын Асасерю Акинори (шын есімі – Долгорсүренгийн Дагвадорж) есімді мұңғұлдан шыққан атақты сумо палуаны елімізде болып, өзіне жапон күресінің болашақ жұлдызы болатын шәкірт іздеген. Сумо күресінің ең жоғары жүлдесі Император кубогын 25 мәрте жеңіп алған Асасерю палуанның көзі сол кезде 18 жасар Ерсін Балтағұлға түсіп, оны Жапонияға алып кеткен еді. Араға 4 жыл салып, қазақ баласы жапонның ұлттық күресінен чемпион болды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды