Қазақстан-Солтүстік Ирландия матчы: Жанкүйерлер стадионды қоқыстан тазартып, жұртты сүйсіндірді

Жексенбінің кеші қазақстандық спортсүйер қауым үшін ерекше өтті. Ел құрамасы Еуро-2024 турнирінің іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Ирландия командасын қабылдады. Кездесу елордадағы «Астана Арена» стадионында өтті.

Алматы, NEGE. 10 қыркүйек күні Қазақстан мен Солтүстік Ирландия құрама командалары арасындағы кездесуде «Астана Арена» стадионы лық толып, 30 мыңға жуық билет толығымен сатылып кетті. Жанкүйерлердің белсенділігі ғана емес, олардың ауызбіршілігі де жұртты сүйсіндірді. Өйткені, матч аяқталғаннан кейін олар асығыс шығып кетудің орнына айналасын қоқыстан тазартты.

Тазалық акциясына «Астана жастары» КММ еріктілерімен қатар, жанашыр жанкүйерлер де атсалысты. Олар осы арқылы жұрт назарын аударып, сүйікті қаламызда тазалық пен тәртіпті сақтауға шақырғысы келді. Себебі қаламыздың құлпыруы әрқайсымыздың қолымызда. Игілігі мол бұл бастаманы танымал блогерлер мен әлеуметтік желі қолданушылары байқап, назарларынан тыс қалдырмады.

Олар еріктілердің стадионды тазартып жүргені туралы парақшаларында оқиға орнынан кадрлар жариялап, игі істің насихатталуына ықпал етті.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты