Қазақстан-Ресей арасындағы демаркация бойынша 116-шы отырыс өтті
28 наурыз – 1 сәуір аралығында Алматыда Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз он алтыншы отырысы өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат
сайты хабарлайды.
Алматы, NEGE.Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелері демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларымен алмасуды, оларды алдын ала қарауды жүргізді, сондай-ақ жетуі қиын таулы учаскесінде мемлекеттік шекараның сызығын белгілеуге байланысты бірқатар мәселелер талқылады.
Комиссияның келесі отырысы 2022 жылғы мамырда Мәскеу қаласында өтеді.