Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы 3 қаңтар күнгі ауа сапасына болжамын жариялады.
Алматы, NEGE. 3 қаңтарда Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Өскемен қаласында 2-дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілуде. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.