Қазақстанның төрт облысында үсік жүреді

Күн жауын-шашынсыз болады.

Алматы, NEGE. «Қазгидромет» Қазақстанның басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болғандықтан, күн жауын-шашынсыз болады деп болжайды.

Тек еліміздің солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығысында атмосфералық ағынның өтуіне байланысты жаңбыр және қар жаууы ықтимал екенін ескертеді. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Елдің шығысында көктайғақ болып, оңтүстік-батысында шаңды дауыл көтеріледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі, күндіз жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел тұрады. Павлодар облысында, түнде және таңертең Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде түнде 1-3 градусқа дейін суытып, үсік жүруі мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді