13 октября 2022 г. 8:34
Қазақстанның төрт облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
13 қазанда еліміздің тө
рт өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет".
Астана, NEGE. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Петропавл қаласында күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Орал қаласында түнде және таңертең дала тұманды болады.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-батысында оңтүстік-батыстан екпіні 16 м/с жел соғады.
Жетісу облысының солтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.