20 июля 2022 г. 18:42

Қазақстанның тоғыз облысында дауылды ескерту жарияланды

Фото:

Қазақстанның тоғыз облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. «21-22 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с. Петропавл қаласында түнде 21, күндіз 22 шілдеде найзағай күтіледі. Күндіз 21-22 шілдеде солүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с», - делінген хабарламада.

21 шілдеде түнде Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, күндіз батысында, орталығында, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батыстқа ауысады облыстың батысында, орталығында, солтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Семей қаласында 21 шілдеде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батыстқа ауысады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

«Түнде 20 шілдеде Батыс Қазақстан облысының шығысында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде 35 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Өскеменде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с», - деп ескертті синоптиктер.

23 шілдеде күндіз Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында 45 градус өте қатты ыстық сақталады. Түркістан қаласында 23 шілдеде күндіз 45 градус өте қатты ыстық сақталады.

21 шілдеде Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 21 шілдеде күндіз 42-44 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады», - делінген хабарламада.

21 шілдеде күндіз Жетісу облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Талдықорған қаласыннда 21 шілдеде күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.
Күндіз 21 шілдеде Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа, оңтүстіктікке ауысып соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.

21 шілдеде түнде Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі.

21 шілдеде Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде қатты ыстық 42 градус сақталады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында  21 шілдеде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстітен екпіні 15-20 м/с шамасында.

Тегтер: