Қазақстанның сыртқы қарызы қанша?

Қазақстанның сыртқы қарызы 166 млрд доллардан асты. Бұл туралы LS редакциясы хабарлады.

Алматы,  NEGE.  Ұлттық банктің дерегі бойынша елдің берешегі 2021 жылғы 1 шілдеде 166,7 млрд долларды құраған. Бұл көрсеткіш  2020 жылға қарағанда $6,9 млрд-қа немесе 4,3 пайызға артқан. 

Қарыздың ең көп көлемі Нидерланды еліне тиесілі – $ 44,7 млрд. Бір жыл ішінде ол 0,2 пайызға қысқарған. Ал Қытай алдындағы қарыз – 4,7 пайыз, $9,7 млрд-қа, Жапония алдындағы берешек – 3,5 пайыз, $5,5 млрд-қа дейін азайған. 

Халықаралық ұйымдар алдындағы міндеттемелер бір жыл ішінде – 15 пайыз, $11,4 млрд-қа дейін өскен. Ресей алдындағы берешек 8,5 пайыз, $9,7 млрд-қа, Бермуд аралдарына 7,3 пайыз, $10,2 млрд-қа, Ұлыбританияға 6,9 пайыз, $23,3 млрд-қа дейін артқан. 

Сонымен қатар, Қазақстан Виргин аралдарына $2,9 млрд, БАӘ-не – $2,4 млрд, Германияға $2,3 млрд қарыз.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады