Қазақстанның шекара қызметі Күдебаевтың Қырғызстан арқылы Түркияға қашып кеткенін растады
Прокурор соттан Алматы және Алматы облысы полиция департаменттерінің (ПД) бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың ісін қарауды тоқтата тұруды және оған іздеу жариялауды сұрады.
Алматы, NEGE. «Прокурор соттан Күдебаевтың ісін қарауды тоқтата тұруды және оған халықаралық іздеу жариялауды сұрады. Ол 23 наурызда Қазақстаннан Қырғызстанға, одан Түркияға кеткен. Мұны, судьяның айтуынша, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі растады» - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін NEGE-нің редакциясы Алматы қаласы және Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік КҮДЕБАЕВ елден қашып кеткенін хабарлаған болатын.
Қаңтар оқиғасынан кейін «қызметтегі әрекетсіздік» бабы бойынша айыпталып, соты жүріп жатқан С.Күдебаев шетелге қашып кетіпті. Оған қатысты сот үкімі бұдан бір ай бұрын шығуа керек еді, алайда сот бірнеше мәрте кейінге қалдырылды.