Қазақстанның сегіз облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның сегіз облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. «17 ақпанда Ұлытау облысының солтүстігінде тұман, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде бұрқасын. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 18 м/с. Жезқазған қ.: 17 ақпанда түнде тұман», – делінген хабарда.

Түнде Ақтөбе облысының орталығында, күндіз облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың орталығында, күндіз оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Жел батыстан соғады, облыстың орталығында күндіз күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қаласында 17 ақпанда көктайғақ.

Қарағанды облысының солтүстігінде тұман, күндіз облыстың батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 18 м/с күтіледі. Қарағанды қаласында 17 ақпанда түн тұманды болады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде көктайғақ. Облыстың батысында, оңтүстігінде бұрқасын. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында 17 ақпанда көктайғақ.

Жамбыл облысының таулы аудандарда күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарда тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Тараз қаласында 17 ақпанда тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с.

Күндіз Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде бұрқасын болуы мүмкін. 

Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.