Қазақстанның орнықтылық қоры табысының барлығын мемлекетке аударды

Қазақстанның орнықтылық қоры 27,7 млрд теңге табысты дивидендтер төлеуге бағыттады. Бұл өткен 2019 жылдың қортындысы бойынша қордың таза кірісі.

Квазимемлекеттік секторда жұмыс істейтін компаниялар табыстарының барлығын мемлекетке қайтару керектігін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тәптіштеп тапсырған болатын. Содан бері, жауапкершілігі мол компаниялар табыстарын мемлекетке қайтаруда.

Төлем қордың акционері - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алдындағы міндеттемелерін орындау аясында, сондай-ақ Қазақстан Үкіметінің «Мемлекеттік акциялар пакетінің дивидендтері және ұйымдардағы мемлекеттік акциялар бойынша кірістер туралы» қаулысына сәйкес жүзеге асырылды.

Қазақстанның орнықтылық қоры Ұлттық Банкке қарайды. Негізгі міндеттері: банк секторының қаржылық тұрақтылығына ықпал ету мен ипотеканың қол жетімділігін қамтамасыз ету.

Қазір оқып жатыр

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды