Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 5 градусқа дейін үсік жүреді

Қазгидромет 8 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алматы, NEGE. Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Қалған аймақтарда антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан, күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с дейін желдің күшеюі күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 18 м/с күшейеді. Қарағанды, облыснынң кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жамбыл, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде түнде 1-5 градус үсік күтіледі. Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қазір оқып жатыр

Әдеп сақтамаған депутат жиында сөз сөйлеу құқығынан уақытша айырылады

«36 айлық көлемінде бонус алған»: QazaqGaz жауап бер(ме)ді

️Ресей Қазақстан мұнайын Германияға тасымалдауды тоқтатады: министр мән-жайды түсіндірді

Талғарда 20 жастағы жігіттің өліміне күдіктілер ұсталды