Қазақстанның коронавирус таралған елдердің тізімінде қайдан жүр?

Министрлік Қазақстанның коронавирус таралған елдердің тізімінде жүруіне қатысты пікір білдірді.

Алматы, NEGE. Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Қазақстан азаматтарына Сауда Арабиясына кіруге тыйым салынды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

«Бастапқыда БАҚ-тарда тараған мәлімет дұрыс емес. Коронавирус таралған елдердің тізімінде 7 мемлекет болды. Расында бұл шектеулер 24 елге қатысты болды. Қазақстан сол жеті елдің қатарында болды. Ол жеті ел Сауд Арабиясы әуежайына келгенде ғана виза ала алатын 49 елдің тізімінде бар. Қалған 14 ел болса, виза рәсімдеген соң ғана елге кіре алады. 

Мәлімет дұрыс таралмады. Бізде де коронавирус бар сияқты және сол себепті шектеу қойылғандай ақпарат таралды», – деді Шахрат Нұрышев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды