Қазақстанның кейбір аймағында үсік жүреді

Қазақстан бойынша 2021 жылдың 13-15 мамырына арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Алматы, NEGE. Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Алайда, шығыста жаңбыр жауу ықтималдығы басым. 

"13 мамырда атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен кей жерлерде жауын-шашын болады, шығыста қатты жаңбыр жаууы мүмкін. 14 мамырдан бастап еліміздің басым бөлігінде, Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысын қоспағанда, Солтүстік-Батыс антициклонының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болжануда, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 15 мамырда елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде 1 градусқа дейін үсік жүретіндіктен, топырақ беті қатуы мүмкін. Республиканың жекелеген облыстарында жел күшейіп, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін", - дейді синоптиктер. 

Қазір оқып жатыр

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті

Президент қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Айдын Рахымбаев байлығының жартысын қайырымдылыққа бермек