Қазақстанның ішкі істер министрі қырғыз әріптесімен кездесті
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың Қырғыз Республикасының Ішкі істер министрі Ұлан Ниязбековпен кездесуі өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана. NEGE. Кездесу барысында екі министрлік ынтымақтастығының келешегі мен басым мәселелері талқыланды.
Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан полициясын реформалау барысы, полиция жұмысының сервистік моделін енгізу, сондай-ақ, ішкі істер органдарын цифрландыруды дамыту туралы хабардар етті.
Ұлан Ниязбеков қазіргі заманғы қауіпсіздік жүйелерін енгізу мәселелерінде, сондай-ақ, құқық бұзушылықтың алдын алуды ұйымдастыру мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің жаңа тәсілдеріне ерекше қызығушылық танытты.
Жалпы кездесуге қатысушылар жедел-қызметтің барлық бағыттары бойынша екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті.
Кездесу дәстүрлі достық атмосферада, толық өзара түсіністік жағдайында өтті.