28 сентября 2022 г. 13:57

Қазақстанның интернетіне бірнеше күннен бері хакерлер шабуыл жасап жатыр

Фото:

Бұл туралы  «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ ресми сайты хабарлады. 

Алматы, NEGE. Ақпаратқа сәйкес, интернеттің қазақстандық сегментіне кибершабуылдар бірнеше күннен бері жалғасып жатқан көрінеді. 

«Мақсатты кибершабуылдар елдің мемлекеттік органдарына да, Қазнет инфрақұрылымына да бағытталған. Кибершабуылдардың салдарынан интернетке қосылу баяулап жатыр. «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ ұзақ мерзімді кибершабуылдар елде және әлемде болып жатқан қоғамдық оқиғалармен байланысты деп болжайды», - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, Техникалық қызмет өкілдері қазақстандықтарға ескерту жасады. 

«Егер сіз ақпараттық қауіпсіздік оқиғасына тап болсаңыз, 1400 (24/7) тегін нөміріне қоңырау шалу арқылы мамандарға хабарласуыңызды немесе Telegram чатына өтінім жіберуіңізді сұраймыз», - деді мамандар. 

Тегтер: