Қазақстанның ерлер командасы байдарка мен каноэде есуден алтын алды

Қазақстан құрамасының мүшелері Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов жұбы 500 метрге каноэде есуден алтын медаль жеңіп алды. Оларға жеңіс сыйлаған уақыт 1:49.01.

Алматы, NEGE. Біздің ескекшілер Жапония құрамасынан (1:49.237) және Ираннан келген жұптан (1:50.486) озып кетті.

Бұл Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына түскен төртінші алтын медаль.

"Тимур мен Сергейді жеңісімен құттықтаймын! Күрес қиын болды, бірақ біздің ескекшілер бәсекелестерден озып үлгерді. Команданың жаттықтырушылар штабына ерекше алғыс айтамын. Ел сіздердің қажырлы  еңбектеріңізді мақтан тұтады!"- деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Қазір оқып жатыр

РФММ гранттары төңірегіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды