Қазақстанның боксшы қыздары Мароккода 5 алтын медаль жеңіп алды

Марокко елінде бокстан өтіп жатқан «GOLDEN BELT SERIES MARRAKESH 2023» («Алтын белбеу») халықаралық турнирінде Қазақстанның әйелдер құрамасы 5 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

Алматы, NEGE. Чемпион атанғандар: 48 келі салмақтағы Алуа Балқыбекова финалда тайпейлік Лью Чен-Лингтті; 57 келі салмақтағы Карина Ибрагимова ресейлік Людмила Воронтцованы; 54 келі салмақтағы Жайна Шекербекова италиялық Алеан Савчукты; 50 келі салмақтағы Назым Қызайбай ресейлік Екатерина Пальцеваны; 75 келі салмақтағы Валентина Хальзова бразилиялық Вивиане Пирейраны жеңді.

Күміс медаль алған спортшыларымыз: Аида Әбікеева (63 кг); Ләззат Күнгейбаева ( 81 кг).

Қола жүлде иеленгендер: Надежда Рябец (66 кг), Мадина Нұршаева (70 кг) және Фариза Шолтай (81 кг).

Марракештегі турнирде Қазақстан атынан барлығы 12 боксшы өнер көрсетті. Медальсіз қалған спортшылар: Жазира Орақбаева (52 кг) мен Владислава Кухта (60 кг).

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды