Қазақстанның бірнеше өңірінде 3 градусқа дейін үсік жүреді

Қазгидромет 15 қыркүйекте Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Алматы, NEGE. Күндіз Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай, оңтүстік-батыстан жел, күші 15-20 м/с күтіледі. Ақмола облысының батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

15 қыркүйекте түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 3 градус үсік сақталады. Бесқарағай ауданында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Күндіз 15 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде Қарағанды облысының солтүстік-шығысында 2 градус үсік жүреді. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды