Қазақстанның бірқатар облысында телерадио хабарларын тарату уақытша өшіріледі
Елімздің бірқатар өңірінде телерадио хабарларын тарату уақытша өшіріледі, деп хабарлайды «Қазтелерадио» компаниясы.
Алматы, NEGE. Хабар тарату саласындағы ұлттық оператордың мәліметінше маусым айында Алматы, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының, сондай-ақ, Алматы қаласының кейбір радиотелевизия стансаларында аналог эфирлік телехабар тарату жабдығын бұзып-бөлшектеу жұмыстары басталады. Компанияның мәлімдеуінше, жұмысты айына 5 күннен асырмай жүргізу жоспарланып отыр.