Қазақстанның бес өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздегі бес облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Алматы, NEGE. 5 желтоқсанда Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында тұман түседі. 5 желтоқсанда Қарағанды облысының батысында, орталығында тұман, көктайғақ болады. Жезқазғанда тұман, көктайғақ. 5 желтоқсанда түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз таулы аудандарда күші 15-20 м/с.

Күндіз 5 желтоқсанда Ақмола облысының батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. 5 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Петропавлда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.