Қазақстанның бастамасымен БҰҰ 2026 жылды халықаралық еріктілер жылы деп жариялады

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы, NEGE. «Халықаралық еріктілер жылын жариялау туралы бастаманы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ мінберінен 2020 жылы Бас Ассамблеяның 75-сессиясының жалпы саяси пікірталасы барысында көтерді. Қазақстан бұл қарарды әлемнің барлық аймағынан пікірлес елдерімен – Армения, Боливия, Германия, Кения және Кирибати мемлекетімен бірлесіп ұсынды. Бұл құжаттың тең авторлығына БҰҰ-ға мүше 54 мемлекет қосылды», - делінген хабарламада.

Президент бастамасымен 2020 жыл елімізде Еріктілер жылы болып жарияланып, Қазақстанда волонтерлік қызметті дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасы қабылданды. Қабылданған шаралар нәтижесінде еліміздегі еріктілер саны 200 мың адамға жетті. Қазақстандық жастар әлемнің бірқатар елінде БҰҰ-ның волонтерлері ретінде қызмет етуде.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді