Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасын болады

«Қазгидромет» РМК 24 ақпанның ауа райы болжамын жариялады.

Алматы, NEGE. 23-24 ақпан күндері Батыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Орал қаласында 24 ақпанда жаяу бұрқасын болады. Солтүстіктен жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Сол күндері Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде екпіні 15-20, күндіз - 23 м/с дейін жетеді. 24 ақпан күні Ақтөбе қаласында жаяу бұрқасын болады, солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 16 метрге жетеді.

23-24 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с дейін жетуі ықтимал.

Қызылорда қаласында 24 ақпанда түнде бұрқасын болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, күші 15-20 м/с болады.

23-24 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын, күндіз кей жерлерде көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Өскемен қаласында 24 ақпанда күндіз көктайғақ болып, жел оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні15-18 м/с болады.

Семей қаласында 24 ақпан күні түнде жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ болады, жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-18 м/с жетуі ықтимал.

24 ақпан Атырау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, түнде кей жерлерде жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Атырау қаласында 24 ақпан күні күндіз жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды