Қазақстанның басым бөлігінда ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
Алматы, NEGE. Бүгін Қостанай облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Өңірдің батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Солтүстігінде және солтүстік-шығысында тұман және көктайғақ. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с жетеді. Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстік-батысында тұман түсуі мүмкін. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болуы болжанып отыр. Оңтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. 31 қаңтарда Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі. 31 қаңтар-1 ақпанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Шымкентте 31 қаңтар-1 ақпанда түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.