Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. «17 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оралда 17 қазанда түнде және таңертең тұманды боладыі», - делінген хабарламада
17 қазанда түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Ақтөбеде 17 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.
«Түнде 17 қазанда Павлодар облысының солтүстігінде тұман, күндіз облысының солтүстігінде, шығысында батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с», - деп хабарлады «Қазгидромет».
17 қазанда күндіз Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр жаіады. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
«Күндіз 17 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Петропавлда күндіз 17 қазанда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с», - деп ескерті синоптиктер.
17 қазанда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.