Қазақстанның 9 облысында ауа райына байланысты жол жабылды

'ҚазАвтоЖол' ұлттық компаниясы бірнеше жолдың жабылғанын мәлімдеді.

Алматы, NEGE. 7 наурыз сағат 17:30-дағы ақпаратқа сәйкес 3 облыста ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілген.

Атап айтқанда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай өңірлерінде тасжолдар жабылды. Республикалық автожолдарды күтіп ұстау жұмысына 400 техника мен 500 қызметкер жұмылдырылды.