Қазақстанның 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет 6 қыркүйек күні еліміздің сегіз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. 6 қыркүйекте Атырау облысының батысында, орталығында және оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде 15-20 м/с. Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с.

Түркістан облысында күндіз облыстың солтүстігінде және батысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. 6 қыркүйекте Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күші күндіз найзағай кезінде 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпсіздігі сақталады Алматы облысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай жарқылдап, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қазір оқып жатыр

115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады

Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады