Қазақстанның 5 боксшы қызы Әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында 5 қазақстандық боксшы жартылай финалда бақ сынайды.

Алматы, NEGE. Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан әлем чемппионатында бес қазақстандық боксшы жартылай финалға шықты. Олар: Алуа Балқыбекова (48 келі), Жайна Шекербекова (52 келі), Дина Жоламан (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Валентина Хальзова (70 келі) бар. Ал Гүлсая Ержан (81 келі) ширек финалдағы жекпе-жегінде қарсыласына есе жіберіп, жартылай финал жолдамасынан тыс қалды.

Сондай-ақ одан бұрын Назым Қызайбай (50 келі), Римма Волосенко (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Дариға Шәкімова (66 келі), Надежда Рябец (75 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) жарыс жолынан шыққан еді. Дүбірлі дода 20 мамырда мәресіне жетеді. Қазақстан аумағында тікелей көрсетілімді «Qazsport» телеарнасы қамтамасыз етіп отыр.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды