Қазақстанның 2024 жылғы Олимпиада ойындарына 17 лицензиясы бар

2024 жылдың 26 шілдесінен 11 тамызына дейін әлемнің 205 елінен 10 мыңнан астам спортшының қатысуымен төрт жылдық жазғы Олимпиада ойындары өтеді.

Алматы, NEGE. «Бүгінде ел қоржынында 8 спорт түрінен 17 лицензия бар. Алда 90-ға жуық лицензиялық жарыс бар, яғни, жолдамалар санын көбейтуге мүмкіндік бар», - деді туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар, қазақстандық жас спортшылар 2024 жылғы 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Канвондо қаласында (Оңтүстік Корея) өтетін IV қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына квота алу үшін лицензиялық жарыстарға қатысады.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды