Қазақстанның 10 дипломаты Ауғанстанда қызмет етуде

Ауғанстан аумағындағы қазақстандық дипломаттар туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтып берді.

Алматы, NEGE. «Осыдан бірнеше күн бұрын біз Ауғанстан аумағында «Қазақстан азаматы жоқ» деген болатынбыз. Себебі бізге белгілі отандастарымыз ол жақтан шықты. Дегенмен соңғы 2-3 күннің ішінде Ауғанстандағы елшілікке Қазақстан азаматымыз деп бір топ адам жүгінді. Олардың тиісті құжаттары бар. Осыған дейін хабарлағанымыздай 25 адам Алматыға жеткізілді. Оның қатарында 15 ересек және 10 бала бар. Қазіргі таңда Ауғанстанда 10 қазақстандық дипломат қызметін жалғастырып жатыр. Олар штаттық режімде жұмыс істеп жатыр, қауіпсіздіктері қорғалған», - деді Айбек Смадияров тілшілерге берген сұхбатында.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді