Қазақ тарихы қайта жазылды. Енді оқулықтар өзгере ме?
15 шілдеде «Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы» атты жаңа академиялық жеті томдықты әзірлеу жұмыстары аяқталды. Ауқымды ғылыми жоба қалай дайындалды? Оған қандай ғалымдар қатысты? Қазақстан тарихына қатысты қандай жаңа деректер енгізілді? Осы және өзге де сұрақтарға NEGE редакциясының жаңа Decaf. жобасында тарихшы, басылымның редакциялық алқа мүшесі Жақсылық Сәбитов жауап берді.
Астана, NEGE. Бас редактор Аделаида Ауеспековамен сұхбат барысында ол жеті томдықтың негізінде мектеп оқулықтары қайта жазыла ма, қазіргі оқу бағдарламасында қандай тарихи қателер бар және олар қашан түзетіледі деген мәселелерге тоқталды. Сондай-ақ жаңа зерттеулерден кейін тарих пәнінің мұғалімдеріне де білімін жаңартуға тура келе ме деген сұраққа жауап берді.
Жобаның алғашқы шығарылымында ру мен генетиканың байланысы да сөз болды. ДНҚ арқылы адамның руын анықтауға бола ма? Ата-тегін білмейтін немесе балалар үйінде өскен жандар өз тамырын қалай таба алады? Қазіргі ғылым қазақ халқының шығу тегіне қатысты басты сұрақтарға жауап беруге қаншалықты жақындады? Жақсылық Сәбитов осы сауалдарға да ғылыми тұрғыдан түсінік берді.
Жаңа жобаны YouTube-арнамыздан тамашалауға болады.