Қазақстанның жаңа Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері тағайындалды

Сархат Бейсенова Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды.

gov.kz

Алматы, NEGE. «Үкімет қаулысымен Сархат Сағынтайқызы Бейсенова Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.

Сархат Бейсенова 1972 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын, Тұран-Астана университетін бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Ақмола облыстық онкологиялық диспансерінде санитар болып бастаған.

1996-1998 жылдары - Ақмола санитарлық-эпидемиологиялық станциясының дәрігер-эпидемиологы.

1998-1999 жылдары - Ақмола облыстық ішкі істер басқармасының дәрігер-эпидемиологы.

1999-2002 жылдары - дәрігер-эпидемиолог, Астана қаласы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі.

2002-2007 жылдары - Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім бастығы.

2007-2009 жылдары - мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары-Астананың бас санитарлық дәрігерінің орынбасары.

2009 жылдан 2014 жылға дейін - денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті директорының орынбасары, Астана бойынша департамент директоры.

2014-2015 жылдары - тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің басшысы.

2015-2017 жылдары - Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары.

2017-2019 жылдары - денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары.

2019-2020 жылдары - денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Астана қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді