Қазақстанның Түркиядағы елшілігі азаматтарға үндеу жасады

Қазақстанның Түркиядағы елшілігі елде болып жатқан ахуалға байланысты үндеу жасады. 

egemen.kz

Алматы, NEGE. Қалыптасқан жағдайға байланысты халық көп жиналатын орындарға бармауға, шерулер мен митингілерге қатысудан бас тартуға, күшейтілген қауіпсіздік шараларын сақтауға, қырағылық пен сақтыққа, жаңалықтарды қадағалап, биліктің нұсқаулықтарын орындауға және Қазақстан Республикасының Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен байланыста болуға шақырамыз.

Сонымен қатар әлеуметтік желілерде демонстрациялар (митингтер) туралы ақпаратты және ағымдағы оқиғаларға қатысты жеке бағалар мен пікірлерді таратудан бас тартуға аса назар аударамыз, - делінген ақпаратта.

Қазақстанның Түркиядағы шетелдік өкілдіктерінің жедел желі телефондары:
1. Қазақстан Республикасының Анкарадағы Елшілігі: 905352734496
2. Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулдығы: 905012621465
3. Қазақстан Республикасының Анталиядағы Бас консулдығы: 905394400522
4. Қазақстан Республикасының Измирдегі Бас консулдығы: 905530998789

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды