Қазақстанның төрт мергені Әлем кубогінің финалдық кезеңінде бақ сынайды

Делиде (Үндістан) спорттық атудан Әлем кубогінің финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

ҰОК

Алматы, NEGE. Беделді турнирге қатысуға төрт қазақстандық спортшы шақырту алған.

Оқпен атудан Никита Чирюкин және Константин Малиновский қатысады. Ал Мария Дмитриенко мен Әсем Орынбай стенд атудан жүлдеге таласады.

Айта кетелік, Әлем кубогінің финалдық кезеңіне әр спортшы қатыса бермейді.

Қатысушылар тізімінде Олимпиада жүлдегерлері (бұл жағдайда Париждегі Олимпиада ойындарындағы жүлдегерлер), былтырғы Әлем кубогінің жеңімпаздары, сонымен бірге әлемдік рейтингте жоғары орындарда тұрған мергендер қатыспақ.Одан бөлек турнирге арнайы шақырту бойынша қатысуға болады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды