Қазақстанның телефон коды ауыспайды: Ресей мен Қазақстан +7 кодын бірге қолдану туралы келісімге келді

Бұл туралы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады. 

pixabay.com

Алматы, NEGE. «Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 26 қазандағы №891 «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы әлемдік нөмірлеудің 7-ші аймағын бірлесіп пайдалану туралы келісімге қол қою туралы» Қаулысына қол қойылды», - делінген хабарламада. 

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ресей Федерациясының байланыс әкімшілігімен келіссөздер жүргізіп, келесі мәселелер бойынша келісімге қол жеткізген:

1) « 7» кодын бірлесіп пайдалану;

2) тараптардың бірінің басқа нөмірлік кодқа көшу мерзімі 6 айдан 2 жылға дейін ұзартылды (ХЭО ұсынымдарына сәйкес);

3) Қазақстан Республикасының нөмірлік қоры 000-099 диапазонында DEF-кодын қосу арқылы кеңейтіледі.

Жақын арада Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында Келісімге қол қою жұмыстары жүргізіледі. 

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты