Қазақстанның Сыртқы істер министрі БРИКС Саммитіне қатысты

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БРИКС 17-ші Саммитіне алғашқы рет серіктес ел ретіндегі Қазақстан атынан қатысты.

gov.kz

Алматы, NEGE. Саммиттің бірінші күніне бірлестікке мүше және серіктес елдердің мемлекет және үкімет басшылары, жоғары лауазымды өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты.

Іс-шараға қатысушылар көпжақты ынтымақтастықты нығайту, әділетті әлемдік тәртіп пен орнықты дамуды қамтамасыз ету қажеттілігіне баса көңіл аударды. Негізгі назар жаһандық басқару жүйесінде Ғаламдық Оңтүстік елдерінің өкілеттігін арттыруға бағытталды. Қарулы қақтығыстардың күшеюі, халықаралық саудадағы протекционизмнің өсуі және геосаяси қайшылықтардың ушығуы қатысушылардың алаңдаушылығын тудырды.

Өз сөзінде ҚР СІМ басшысы Қазақстанның БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық қағидаттарына негізделген әділетті, инклюзивті және орнықты тәртіпті нығайтуға бейілді екенін атап өтті. «Астана тепе-тең және көпвекторлы сыртқы саясат жүргізе отырып, дуал емес, көпір салады және барлық елдермен серіктестікті дамытады», – деді М.Нұртілеу.

Қазір оқып жатыр

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды

«АЛМЭКС» холдингінің құрылымы өзгерді, бірақ Құлыбаевтар позициясын сақтап қалды

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады