Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді

2026 жылғы 3 сәуір күні Астана уақытымен сағат 21:13-те ҚР ТЖМ-нің «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» сейсмикалық станциялар желісі арқылы жер сілкінісін тіркеді.

Pixabay

Алматы, NEGE. Мамандардың мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 853 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында орналасқан.

Жерасты дүмпулері Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 2 балл деңгейінде сезілген. Атап айтқанда, Шымкент қаласы мен Түркістан облысының бірқатар елді мекендерінде, соның ішінде Мақтаарал, Жетісай, Сарыағаш, Қазығұрт, Төлеби, Сайрам, Ордабасы, Отырар, Түлкібас, Созақ аудандарында тіркелген.

Сонымен қатар Жамбыл облысының Тараз қаласы мен бірқатар аудандарында да әлсіз дүмпу байқалған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қираулар тіркелмеген.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Әл-фараби даңғылында жол апаты: Ішкі істер министрі тергеу барысын баяндады

Алматыдағы 2,2 млрд теңгелік коттедждің кімге тиесілі болғаны анықталды