Қазақстанның могулшылары маусымды төрт алтын медалмен бастады

Қазақстанның фристайл-могул командасы Австрияның Хинтертукс тау шаңғысы курортында өткен FIS Open халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті.

ҰОК

Алматы, NEGE. Біздің спортшылар маусымның алғашқы кезеңінде алты медаль жеңіп алды, оның төртеуі – алтын.

Павел Колмаков могул және параллельді могулда топ жарса, Анастасия Городкода могул мен параллельді могулда алтын жүлдеге ие болды.

Сонымен қатар Аяулым Әмренова могулда екінші болып келсе, Антон Бондарев могул бойынша үшінші болып мәреге жетті.

Қазір оқып жатыр

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтыққа байланысты ескерту жасады

Жаңа туған нәрестені сүндеттеу қаншалықты дұрыс?