«Қазақстанның құрметті азаматы» атағы 100 мың теңгеге сатылады – Депутат

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай елде арзан атаққа алданғандар мен жеңіл жолмен пайда тапқыш, атақ сатқыштар көбейіп бара жатқанын айтып, Үкіметке сауал жолдады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Сіз 50 мың теңгеге пысықай ұйымның атынан «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» медаліне, ал 100 мың теңгеге «Қазақстанның құрметті азаматы» атағына ие боласыз. Сан ғасырлық елдік тарихымызда «Ұлт ұстазы» деп халық ұсынған сәулелі сөзді қастерлеп Ахмет Байтұрсынұлына ғана қолданатын едік, қазір «Ұлт ұстазы» деген атақты бар болғаны 10 мың теңгеге сатып ала саласыз», - дейді ол Мәжілістің жалпы отырысында.

Депутат Мемлекеттік рәміздерді ретсіз қолданып, жалған атақ сатып пайда табатындардың әрекетіне құқықтық негізде тыйым салу керетігін айтты.

Қазір оқып жатыр

Шағын және орта бизнесті қолдау көлемі 3 трлн теңгеге дейін ұлғаяды

Алматы тарихи көркінен айырылады: Заңгер қаланы жаңғырту жұмыстарын сынға алды

Арқалықта полицейлер қай көлікті тоқтатпау керегін арнайы чаттан біліп отырған

Депутат Жаңбыршин қызына қатысты қауесетке пікір білдірді