Қазақстанның бірнеше өңірінде жол жабылды

Жолдардың ашық-жабығы туралы мәліметті 1403 колл-орталығынан білуге болады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. 24 наурыз 2025 жылы сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанның үш облысында республикалық маңызы бар үш автожолда қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» компаниясы. 

Жабылған жол учаскелері:

  • Ақтөбе облысы: Қандыағаш–Ембі–Шалқар–Ырғыз автожолы, 3-92 шақырым (Қандыағаш – Ембі бағыты).
  • Қостанай облысы: Қазақстан-Ресей шекарасының бейтарап аймағы, Мариновка ауылы маңында (РФ ауылы).
  • Солтүстік Қазақстан облысы: Петропавл қаласының айналма жолының 4-7 шақырымы (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзеніндегі көпірге дейін).

Қазіргі уақытта жолдарды күтіп ұстау жұмыстарына 259 арнайы техника мен 539 маман жұмылдырылған.

Жолдардың жай-күйі туралы ақпаратты тәулік бойы 1403 колл-орталығына хабарласып білуге болады.

Қазір оқып жатыр

«Тоқтайтын түрі жоқ»: Депутат Алматыдағы апаттан кейін жазаны күшейтуді талап етті

Air Astana-ны 21 жыл басқарған Питер Фостер ресми түрде қызметінен кетті

Депутат ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру жолдарын ұсынды

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті психиатриялық ауруханаға жатқызылды