Қазақстанның бірнеше өңірінде қуаңшылық болады

2025 жылғы шілде айында Қазақстанның бірнеше облысында орташа деңгейдегі қуаңшылық болады. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. "Қазгидромет” РМК мәліметінше, ылғалдың жетіспеушілігі байқалатын аумақ көлемі арта түседі. Қуаңшылық:

  • Батыс Қазақстан,
  • Атырау,
  • Маңғыстау,
  • Ақтөбе,
  • Қостанай,
  • Қарағанды,
  • Абай және
  • Алматы облыстарының кейбір аудандарында болады.

Сонымен қатар, Ұлытау, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының көп бөлігінде де құрғақ ауа райы күтіледі.

Елдің қалған аймақтарында ылғалдану жағдайы климаттық нормаға жақын болады.

Метеорологтар аграрлық сектор өкілдеріне бұл болжамды егістік және дала жұмыстары кезінде ескеруді ұсынады.

Қазір оқып жатыр

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?

Алматыдағы жол апаты: қала әкімі бір аптадан кейін көңіл айтып, полицияға тапсырма берді

26 наурыз – Халықаралық Арал күні болуы мүмкін

Халықаралық әріптестік нәтижесінде киберқылмыс деңгейі 4 пайызға төмендеді