Қазақстанның бірқатар өңірінде күн райы бұзылады: ТЖМ ескерту жасады

Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, жел күшейетінін хабарлап, қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес берді.

pixabay.com

Астана, NEGE. Мамандардың болжамынша, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстарында, сондай-ақ Жамбыл облысының таулы аудандарында және Жетісу облысында жаңбыр жаууы ықтимал.

«Қызылорда облысының солтүстігінде, Түркістан облысының солтүстік-батысында және Қаратау тауларында, Ұлытау облысының оңтүстік-батысында, Ақтөбе облысының басым бөлігінде, Атырау облысының шығысы мен орталығында желдің екпіні секундына 21-24 метрге дейін күшеюі күтіледі», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Бұған қоса таңертең Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында тұман болуы мүмкін деп болжанып отыр.

Осыған байланысты ТЖМ өкілдері қауіпсіздік шараларын сақтауға, ауа райы нашарлаған кезде алыс жолға шықпауға және ресми хабарламаларды қадағалауға кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызға белшеден батты: енді шығынды халық өтей ме?

Алматы облысында полиция бастығының орынбасары әйелін көлікпен қағып кеткен

Нәлібаев Алматы әуежайындағы құрылысты 1 шілдеге дейін аяқтауды тапсырды

Қазақстан көмір саласына инвестиция көлемін екі есе арттырмақ