20 октября 2025 г. 16:51
Қазақстанның бірқатар футбол клубы олигархтардың басқаруына беріледі
Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.
Алматы, NEGE. Оның айтуынша, қазіргі уақытта бірнеше клубты сату мәселесі қаралып жатыр.
Мәліметке сәйкес:
– «Қызыл-Жар» клубын «Орталық Азия отын-энергетикалық компаниясы» АҚ (Сергей Кан) сатып алуды жоспарлап отыр;
– «Шахтер» клубына Freedom Finance (Тимур Турлов) стадион мен футбол академиясын салады;
– «Жеңіс» клубын Kaspi Group (Михаил Ломтадзе) сатып алып, Астанада жаңа инфрақұрылым салмақ;
– «Қайсар» клубын TAU GROUP LTD (Ислам Қозбақов) иемденбек.
Сонымен қатар «Тараз», «Елімай» және «Ертіс» клубтары бойынша да әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев командаларды жеке бизнеске беруді тапсырған болатын.