Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

gov.kz

Астана, NEGE. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды», – делінген хабарламада.

Ол Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.