Қазақстаннан заңсыз шығарылған қаржы қайтарылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы бойынша мекемеаралық комиссия құрылды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. «Бас прокурор жетекшілік ететін бұл комиссия Қазақстаннан шетелге заңсыз жылыстатылған қаржыны елге қайтару бойынша кешенді жұмыс жүргізеді», – делінген хабарламада.
Комиссия жұмысын Мемлекет басшысының өзі бақылайтыны айтылған.