Қазақстаннан бөлінбекші болған «Халық кеңесінің» сепаратистеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бұған дейін өздеріне тәуелсіздік жариялаған Солтүстік Қазақстанның «Халық кеңесі» деп аталатын сепаратистерге қатысты қылмыстық іс қозғалды,

 деп забарлады ҚазТАГ.

Алматы, NEGE. «Сепаратизм туралы ақпарат  Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінде (ПД)  тіркелді, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», – деп хабарлады СҚО полиция департаменті.

Бұған дейін Петропавлдың бір топ белсенділері Қазақстаннан бөлініп, тәуелсіздік алғанын жариялаған болатын.

«Біз Қазақстан Республикасы корпорациясының жалған заңдық негізіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының өмір сүруіне қолайсыз жағдайлардың туындауына байланысты еркін халықпыз, ерлер мен әйелдер, жұмыс істейтін тұрғындармыз. Халыққа, сондай-ақ оның агенттерінің дәрменсіздігі мен абыройсыздығына байланысты біз өзіміздің мүлкіміз бен ресурстарымызды басқару жүйесінің барлық құрылтайшылары мен қызметкерлеріне толық сенімсіздік жариялаймыз. Біз өз тәуелсіздігімізді және егемендігімізді жариялаймыз», – деген болатын топ мүшелерінің бірі.